Дубай әуежайын су басып, Қазақстанға қатынайтын рейстер шегерілді
Дубай қаласында жауған толассыз нөсер салдарынан әуеайлақты су басқан. Осыған байланысты «Air Astana» әуекомпаниясы KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге шегерілгенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Әуекомпания өкілдері жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру бойынша қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Рейстердің нақты уақытын әуежайдың ресми сайтынан тексеру ұсынылды.