Доллар бағасы тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы көтерілді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 0,22 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 430,57 теңге болды.
Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар — 430,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,84 теңгеден сатылса, сатып алу — 430,34 теңге.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,28 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 430, 24 теңге.