Демалыс күндері Қазақстанда күн жылынады

0 6

Қазгидромет 14, 15 және 16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне жылы, құрғақ ауа райын әкеледі, тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.

Республика бойынша тұман болжанады.

«Күндіз ауа температурасы батыс пен оңтүстікте 3–15 градус жылыға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 2 градус аяздан 5 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі», — деді синоптиктер.