Демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болады

0 694

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай байқалады. 7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшейеді.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады.