Бүгін — Қазақстан полициясы күні

0 6

Елімізде 23 маусым Полиция күні деп бекітілген. Бұл күн 2007 жылдан бері аталып өтеді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ел полициясы аса маңызды рөл атқарады.

Бұл күні  саланың дамуына үлес қосқан ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтылып, қызмет кезінде опат болған жандардың рухына тағзым етіледі.