Бүгін елімізде жаңбыр мен қар жауады
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалына байланысты 2025 жылдың 13 қазанында Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Атап өтсек, Республиканың батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының таулы аймақтарында -1°С аяз күтіледі.
Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында және батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстік және шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлейтті аймақтарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.