Бүгін ауа райы қандай болады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Синоптиктердің хабарлауынша, тек батыс пен солтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз күн күтіледі.
Астанада күндіз ауа температурасы +16…+18 °C, түнде +5…+7 °C, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с дейін жетеді.
Алматыда күндіз ауа температурасы +17…+19 °C, түнде +10…+12 °C. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап және тұман болады. Желдің жылдамдығы 13 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Шымкентте күндіз +22…+24 °C, түнде +10…+12 °C, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с.