Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, қазір Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарындағы орташа бағамдар келесідей:
- доллар: сатып алу – 492,38 теңге, сату – 496,21 теңге;
- еуро: сатып алу – 579,09 теңге, сату – 584,62 теңге;
- рубль: 6,35-6,47 теңге аралығында саудаланады.
Ал Астана қаласында:
- доллар: сатып алу – 489,00 теңге, сату – 495,95 теңге;
- еуро: сатып алу – 576,04 теңге, сату – 585,93 теңге;
- рубль: сатып алу – 6,25 теңге, сату – 6,55 теңге.