Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді
Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе осы күн бектілгенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі тойланады.
«Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді», делінген ҚМДБ хабарламасында.
Былтыр пітір садақа мөлшері 640 теңге болған еді.