Биыл студенттерге арналған 29 жатақхана салынады

0 79

Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылы 10439 орынды 29 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде 20 жатақхана – ЖОО студенттеріне, 9 жатақхана колледж студенттеріне арналған, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 652 орынды 2 жатақхана, Астана қаласында 2876 орынды 2 жатақхана пайдалануға берілді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында оқу жылының басына дейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 4228 орынды 19 жатақхана ашылады деп күтіліп отырғанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 2683 орынды 6 жатақхана  іске қосылмақ. Оның ішінде 5 жатақхана Алматы қаласында және 1 жатақхана Астана қаласында.