Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік сала ұйымдарының жұмысымен танысып, шаруа қожалықтары мен өнеркәсіп кәсіпорындарын, шағын және орта бизнес нысандарын аралады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біз үшін ең бастысы – жас ұрпаққа білім беру мен тәрбие жұмыстарының сапасы болу керек. Ата — аналар мектеппен тығыз байланыс орнатып, туындаған мәселелерді бірлесіп шешуі тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.
Орталық ауруханаға ат басын бұрған Б. Сапарбаев аудан тұрғындарын МӘМС-ке тіркеу қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтті.
Біз ең бастысы – қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауымыз керек. Сонда ғана экономика, ауыл шаруашылық, басқа да салаларда табысқа қол жеткізу болады.