Белгілі актер Мұрат Бисембин қайтыс болды
Қаралы хабарды актердің қызы Диана Мұратқызы жеткізді. Марқұм 54 жасында ұзақ меңдеген қатерлі ісіктен көз жұмды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Мәңгі бақи жақсы көрем». Дәл осылай қызы әкесімен қоштасты.
Еске салайық, көрерменнің көзайымына айналған «Рэкетир» дилогиясында қылмыстық топ басшысы Русланның рөлін сомдаған актер 21 желтоқсанда инсульт алып, ауруханаға жатқызылған еді.