Баспасөз алаңында олимпиада чемпионы

0 476

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Париж олимпиадасының чемпионы, дзюдодан үш дүркін олимпиада жүлдегері Елдос Бақтыбайұлы Сметов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Баспасөз конференциясы барысында ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов пен жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев тілшілердің сауалдарына жауап берді.

Еркін форматта өткен кездесу барысында чемпион елге оралғаннан халықтың көрсетіп жатқан зор құрметіне, ыстық ықыласына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар чемпион мен бапкер тарапына жеңіс тұғырына көтерілген, елге, туған жерге оралған сәттегі сезімдері, болашақтағы жоспары жайлы түрлі сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.