Бақытжан Орынбеков Ғалым Қасабайды зейнет жасымен құттықтады

0 378

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Республикалық «Салық тәртібі» газетінің редакциясында болып, басылымның Бас редакторы Ғалым Қасабайды зейнет жасымен құттықтап, ізгі тілегін арнап, сый-сыяпат жасады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ғалым Иенбергенұлы қырық жыл бойы журналистика саласында жемісті еңбек етіп келе жатқанын, оның отыз жылында облыстық, республикалық басылымдарда редактор болғанын, мықты менеджер екенін еске салған қала әкімі, зейнет жасқа жеткен әріптеске шығармашылық табыс тіледі.

Қашанда журналистерге ашық әкім «Салық тәртібі» газетінің жанынан шығатын облыстық «Әулиеата» газетінің бас редакторы Қуаныш Иембердиев пен Республикалық «Салық тәртібі» газеті бас редакторының орынбасары Амангелді Әбілге қалада атқарылып жатқан қауырт тірліктен де қысқаша хабардар етіп үлгерді. Ғалым Қасабай зейнет тойы қарсаңында арнайы келіп, ізгі тілегін арнап, құрмет көрсеткені, ашық-жарқын әңгімесі үшін қала әкіміне ризашылығын жеткізді.