Бала түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрсе, қанша теңге айыппұл төлейді?

0 86

Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз беймезгіл уақытта сыртта жүрсе, полиция бөліміне жеткізіледі, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Сағат 22:00 мен таңғы 6:00 аралығында балаларға ойын-сауық орындарында жалғыз жүруге болмайды.

Сондай-ақ, сағат 23:00 таңғы 6:00 дейін кәмелетке толмағандарға көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған.

— Осы уақытта балалар аулада отырса, үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оның түнгі жүрісінің себебі мен заңды өкілдерін анықтауға міндетті.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде қараусыз болғаны үшін ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады, — деп ескертті полициядан.

Ойын-сауық орындарында жүрсе — 3 АЕК көзделген. Ал үйден тыс жерде жүрсе алдымен ескертіледі. Егер мұндай дерек 1 жыл ішінде қайталанса — 7 АЕК айыппұл қарастырылған.

Беймезгіл уақытта баланың ойын–сауық орындарында болғаны үшін иесіне де айыппұл салынады.