Бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілерге енді айыппұл салынады

0 65

Бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілерге енді айыппұл салынады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Өйткені, жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады. Тыйым әзірге елдегі екі ірі қала – Астана мен Алматыда болады.

«Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады», – деді полиция.

Ал Шымкенттік жүргізушілерге сәуір-мамыр айларынан бастап осы үшін айыппұл салынбақ.

Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады. Ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылық қайталанса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.