Қазақстанда ірі сауда орталықтары 10 мен 18.00 аралығында ғана жұмыс істеуі мүмкін

0 46

Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына және халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдау жөнінде кеңес берді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Біріншіден, ірі сауда нысандары таңғы сағат 10-нан кешкі 18:00 дейін ғана жұмыс істегені жөн. Осы аралықта санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр, балалар орталығы, кез келген ойын-сауық алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік сататын супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей береді. Тек санитарлық дезинфекциялық шаралар күшейтіледі» делінген хабарламада. Министрлік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі басқа да ақыл-кеңесін кейінірек қосымша хабарлайды.