Атырауда дәрігерлер әйелдің жатырынан 6 келі миоманы алып тастады
Атырау облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлер науқастан салмағы 6 келі, 35 см болатын үлкен жатыр миомасын алып тастады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастан үлкен миоматозды түйіні ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталған. Оның сырқаты бірнеше жылға созылған. Науқас өсіп келе жатқан іш пен тартылған ауырсынуға байланысты шағымданған.
Нәтижесінде облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жедел көмек көрсетіп, тиісті ем-шара жасады.
Күрделі отаны облыстық перинаталдық орталықтың гинеколог дәрігері жасады. Отадан кейін науқас гинекология бөлімінде дәрігерлер бақылауында болды.
Айта кетсек, биыл жыл басынан бастап облыстық перинаталдық орталығының гинекология бөлімшесінде әртүрлі мөлшердегі миоманы жою бойынша 60-қа жуық ота жасалған.