Атырау облысында 2 жасар бала терең шұңқырға құлап кеткен

0 457

Оқиға Атырау облысына қарасты Индер ауданының Индербор кентінде болған, деп жазады  «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, құтқарушы Нұрлыбек Саламатовтың аяғын әріптестері ұстап тұрды, ал ол үш метрлік шұңқырға құлаған қызға жетіп, оны қауіпті тұстан тез шығарып алды. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болмаған.

Аталғандай, ТЖМ қызметкерлері  күрделі операцияларды жиі жүргізеді. Ондайда әр секунд маңызды болғандықтан, құтқарушылар тез әрекет етуге дағдыланған.