Асыраушы сала алға озып келеді
Ауылшаруашылығы – еліміздегі ең маңызды салалардың бірі. Өйткені, халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етуде дәл осы саланың рөлі орасан зор. Қазақстандықтардың 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, аталған сектор дамуының мемлекет назарында болуы заңды. Мойынқұм өңірінде де асыраушы сала жыл санап алға озуда. Оған осы бағыттағы оң көрсеткіштер дәлел, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубековтің мәліметінше былтыр ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы ақшалай көлемі 5140,5 миллион теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көрсеткіш индексі 87,7 пайызды құраған. Оның ішінде: мал шаруашылығы 4075,5 миллион теңге, өсімдік шаруашылығы 1059,5 миллион теңгені құрады.
Есепті кезеңде ет сойыс салмақта 1962,1 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 77,5 тоннаға кем, тірі салмақта 3436,6 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,3 тоннаға кем орындалған. Себебі, аудандағы «Мойынқұм Агро» және «Түрікпен Агро» шаруашылықтары мал санын көбейту үшін еттің сату мөлшерін төмендеткен.
Құс саны 2024 жылдың 10 айында 36873 болса, 2024 жылдың 10 айында 22270 бас құсты құрап 14603 басқа төмендеген. Себебі, аудандағы «Мойынқұм құс» шаруашылығы кәсібін дамыту мақсатында ет бағытындағы құстарды сатуға жіберу салдарынан және үй іргесінде құс шаруашылығымен айналысатын азаматтардың саны азайған.
«Күзгі дала жұмыстарының» атқарылу барысы бойынша Шу ауданында орналасқан «Тасөткел» су қоймасынан Мойынқұм ауданының суармалы егістік алқаптарына вегитациялық мерзімде қажетті көлемде ағын су беріліп, ауылдық округтер бойынша 1328 га жерге 144 шаруа иелерімен келісімшарт жасалынып, ағын сумен қамтылды. 3565,6 гектар егістік алқаптарға ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, 13359,8 тонна өнім алынды.
— Қосымша «Күзгі дала жұмыстарына» «Ауыл аманаты» жобасы аясында құрылған АШӨК-нің ауылшаруашылық техникаларын пайдалану үшін жұмыс істеу тарифтері бекітіліп, ел игілігіне жұмыс жасады.
2024 жылы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін аудан көлеміндегі шаруалардың сұраныстарына сәйкес, 130,5 тонна дизель отыны тізімге сәйкес толық көлемде таратылды. 2024 жылдың өніміне егілетін жаздық ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымының дайындығы бойынша аудан көлемінде шаруа қожалықтар жалпы 821,0 тонна алып, егіп отыр.
«Даму» жоспарына сәйкес, Мойынқұм ауданына «Су үнемдеу технологияларын енгізу» жоспары 11,0 гектарды құрап отыр.
Аталған көрсеткішті орындау мақсатында Кеңес ауылдық округінен «Мерей» (Есилбаев Несипбай – 3 гектар), Қызылтал ауылдық округінен «Хусейн» (Арзенов Хусейн-7 гектар), және Биназар ауылдық округінің жеке кәсіпкері Абилкаева Салтанат пен (1-гектар) егістік алқаптарды тамшылатып-жаңбырлатып суару бойынша тиісті жұмыстар атқарды.
Аудан көлеміндегі мал азығын дайындауға жалпы 12 бригада жұмыс жасауда. Аудан көлемінде жалпы тіркелген шаруа қожалықтар саны 584 бірлікті құрайды. Оның ішінде мал шаруашылығы бағытында 408 шаруа болса, егін шаруашылығы саласы бойынша 176 бірлік.
Жамбыл облысының 2023-2028 жылдарға арналған «Даму» жоспарына сәйкес аудан бойынша 25-трактор техникасы сатып алынып, 4,7 пайыз жеткізу жоспары бектілген.
Жалпы аудан бойынша тіркелген тракторлар саны 535 бірлікті құрайды.
Қосымша, «Аграрлық қаржы институты» арқылы ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға ниетті шаруалардың тізімдері жинақталып, қаржы институтына жолданды
Мойынқұм ауданы бойынша жалпы 294 трактор, 6 дана комбайн тіркелген. Оның ішінде 192 трактор және 1 комбайн 1949-1999 жылдары шыққан.
2024 жылдың жоспары бойынша 192 дана тракторды және 1 дана комбайнды есептен шығару міндеті қойылып, қаңтар-қазан айларында 180 дана трактор есептен шығарылып, 93,0 пайызды құрап отыр — дейді бөлім басшысы Қуандық Төлеубеков.
Экономиканы алға бастайтын секторды дамыту бойынша атқарылған шаралар аз емес. Алайда, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін жүзеге асырылар іс әлі жетерлік. Өйткені, асыраушы сала жақсы дамымайынша мемлекеттің ілгерілеуі қиын.