Астаналық подполковник 32 тоннадан асатын ұшақты орнынан жылжытып, рекорд орнатты

0 217

Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің қызметкері, әділет подполковнигі Бауыржан Камалиев Ұлттық ұлан авиациялық базасындағы салмағы 32 тоннадан асатын ұшақты орнынан жылжытты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.

Осылайша, Бауыржан Қазақстан рекордтар кітабына енді. Әрі бұл –  оның бесінші рет рекорд орнатуы. Сондай-ақ, ол 2023 жылы ресейлік спортшының әлемдік рекордын 400 келіге жаңартты. «АН 74 ТК200» ұшағын сүйреген Бауыржан жаңа рекордты тіркеу үшін көп дайындалғанын айтады. Бауыржан ауыр атлетикамен айналысады. Пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері. Ішкі істер органдарында 16 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Бауыржан Камалиев, ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің қызметкері, әділет подполковнигі:

Маған біздің Ішкі істер министрлігі ұсыныс жасады: «Бауыржан, полиция қызметкерлері атынан, жалпы министрлік атынан бір рекорд жасап жібер», — деді. Осы рекордымды полиция күніне және министрлікке арнадым.