Астанадағы «Сергек» камералары алынып тасталады

0 297

13 наурыздан бастап Астана көшелерінен «Сергек» камералары алынып тасталады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан» телеарнасы тілшінің мәліметінше, қала әкімдігі жоба авторларымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Ал жаңа бейнебақылау жүйесіне енді халықаралық «Presight» компаниясы жауапты болады. Жасанды интеллектінің көмегі арқылы жүзеге асатын жаңа жүйеге 53 млрд теңге қаржы бөлінеді. Оның аясында 22 мың бейнебақылау камерасы орнатылады.