Астанада оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты
Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттерінің сабағы онлайн форматқа ауыстырылды.
Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттерінің сабағы онлайн форматқа ауыстырылды, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты екінші ауысымның 0-11 (12)-сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курстың студенттері (9-сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – деп жазады Білім басқармасы.