Астанада Диснейленд салынады

0 540

Болашақ жобаға 10 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады.

Астана қаласында «Жібек жолы» деп аталатын Диснейленд салынбақ, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.  

Жаңа жоба Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланған. Бұл туралы «Астана архитектура» Instagram парақшасы мәлімдеді.

Ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өтті.

– Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Astana Invest» кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш «ULKENBAY» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. «Жібек жолы» деп аталатын ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады, — делінген ақпаратта.

Аталмыш жобаға 10 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады. Оның жалпы ауданы 400 га асады деп отыр.