Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

0 9

Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады,  – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.