Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн алуға болады

0 5

«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov порталында жаңа функцияны іске қосты, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

– Қолданушының Жеке кабинетінде әскери есепте тұруы, қызмет өткеру кезеңдері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге құқығы туралы деректер бар. Ал ең көп сұралатын дерек – әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтама, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.