Әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі офицерлік шен алды
Елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер әскери институты:
- Рысқұлбек Мұхамедәлі Мақсатұлы;
- Жолдыбеков Әмір Даниярұлы.
ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:
- Даркулов Даниял Николайұлы;
- Жездібаев Әлішер Мәлікұлы.
ҚР ҰҚК Академиясы:
- Үйсембаев Әлихан Бауыржанұлы;
- Қадырхан Айдар Мұратұлы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы:
- Бекетаев Рустам Қайратұлы;
- Сағиев Ілияс Бейбітұлы.
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы:
- Аманғалиева Тоғжан Жанболатқызы;
- Коваленко Захар Николаевич.
ҚР Ұлттық ұлан академиясы:
- Беделбай Диас Қайратұлы;
- Шалқарұлы Әділет.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:
- Алдоңғаров Дінмұхаммед Мейрамбекұлы;
- Серік Санжар Жасдәуренұлы.