Әскер – ел қорғаны, ұлт мақтанышы

0 278

Әскер – мемлекеттің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің басты тірегі. Қоғамның ішкі қауіпсіздігі мен сыртқы қорғанысын қамтамасыз ететін бұл құрылым – ел болашағының кепілі. Осы орайда Қордай ауданында Төтенше жағдайлар департаменті мен Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында жастармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жүздесу барысында болашақ сарбаздарға әскери қызметтің маңызы кеңінен түсіндіріліп, төтенше жағдайлар қызметінің қызметі туралы бейнематериалдар көрсетілді. Бұл шара жастарға Отан алдындағы борышын абыроймен атқарудың маңызын ұғындыруға, әскери қызметке деген жауапкершілік пен қызығушылықты арттыруға бағытталды.

Сонымен қатар, әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайына кешенді бағалау жүргізіліп, әскери қызметке жарамдылығы тексерілді.

Мұндай патриоттық бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ел болашағы – жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен борыш сезімін сіңіру – басты міндет.