Ашхабадта Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға барды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.