Ақтау мектептерінің бірінде 7 жұп егіз бірінші сыныпқа барды

0 433

Егіздер Бекжанов атындағы №10 мектептің бірінші сыныбына қабылданды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Бейнежазбадан мектеп формасын киген бірнеше жұп егіздің алғашқы сабақ күніне бара жатқанын көруге болады. Әр егіз өз бауырының қасында отырғанын да байқай аламыз.

Білім мекемесінің директоры мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отырғанын алға тартты.

«Бұрын біздің мектепте мұндай жағдай болған емес. Биыл бірінші сыныпқа бірден жеті жұп егіз түсті. Мектепте 0ден 11сыныпқа дейін барлығы 30 жұп егіз оқиды», дейді мектеп директоры.

Сондай-ақ директор мектепте барлығы 2 213 бала білім алып жатқанын қоса айтты.