Ақордада Джорджа Мелониді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.