Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінді

0 4

12 мамыр 2025 жылы сағат 06:33-те (Астана уақытымен) Қазақстан ТЖМ-нің Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Ошақтың тереңдігі – 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4. Магнитудасы (MPV) – 4,8.

Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісі сезілмеген.