Алматыда жерасты тұрақта екі қымбат көлік өртеніп кетті

0 462

Алматы тұрғын үй кешенінің жерасты тұрағында екі көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт түнде, сағат 00:59-да Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты тұрғын үй кешенінің жерасты автотұрағында болған. Көліктердегі өрт сөндірілді.

Өрт 10 метр аумаққа тарады. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ, — деп хабарлады ведомство.

Өртенген көлітердің маркасы —  BMW және Hyundai Accent автокөліктері. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.