Алматы облысында зауыт салынады
Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Жалпы құны 250 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба жылына 340 миллион литр сусын өндіріп, 500 адамды жұмыспен қамтитын болады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстандағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін (қоса атқарушы) Йеспер Вар арасында болған кездесу барысында талқыланды.
Дания Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Й.Вар жоғары технологиялық өндірістік кешенді құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын едәуір арттыруға, ілеспе салалардың дамуын ынталандыруға, отандық тауар өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын ашуға, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретініне сендірді.