Алматы облысында мешіт отқа оранды
Оқиға Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылында болған. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпып, ғимарат ішіндегі жиһаз бен шаруашылық заттары жанып кеткен, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Оқиға орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен төрт техникасы жөнелтілді. Ең жақын өрт сөндіру бекетіне дейінгі арақашықтық 22 шақырымды құрады. Жедел шаралардың көмегімен өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, сөндірілді», делінген хабарламада.
Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.