Алдағы үш күннің ауа райы: жаңбыр, найзағай, қар және көктайғақ
«Қазгидромет» синоптиктері 9, 10 және 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Қазақстанда қар жауып, боран соғады. Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.
«9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), 11 сәуірде түнде елдің шығысында қар жауып, боран, көктайғақ болады», — деді синоптиктер.
Мамандар Қазақстан бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжап отыр.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 0…+8 градустан 0…+5 градусқа дейін, күндіз +10…+23 градустан +7…+15 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.
Ал елдің қалған аумағында температуралық фон көктемгідей жайлы болады болжанған.