Алдағы күндері ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады
Синоптиктер 14, 15 және 16 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады, бұл тұрақсыз ауа райы жағдайына әкеледі, бұрқасынмен бірге қар күтіледі, республиканың батысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы сақталады.
«Республика бойынша температуралық фон түнде батыста 0-8 аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 аязға дейін, күндіз 5 жылудан 2-10 аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 аяз, күндіз 0-12 жылы болады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ кей өңірде жел күшейіп, тұман түседі.