Айбек Оралбай Олимпиадада қарсыласын нокдаунға түсірді
Боксшы Айбек Оралбай Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
92 килоға дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз нигериялық Адам Олаорені жеңді.
Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді. Одан кейін де шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды.
Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі.