Ақмола облысында мотоцикл мінген жасөспірім сегіз жасар баланы қағып кетті

0 637

Оқиға Біржан сал ауданының Бұланды ауылында болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Бұланды ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны мемлекеттік нөмірі жоқ «Sonlink» мотоциклін басқарып келе жатып, жол жиегіне шығып кеткен сегіз жастағы велосипед мінген баланы қағып кетті», деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған бала Макинск қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу амалдарын бастады.