Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

0 167

МӘМС жүйесі өзгеретін болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Елімізде 1 миллиондай адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр.

Қызылорда облысында болған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жергілікті басқармаларға проблеманы жасырмай, орталыққа шынайы мәлімет беруін талап етті. Қазір тұрғындардан емдеу мекемелерінің жұмысына қатысты арыз-шағым көбейген.

Осыған байланысты қолданыстағы анықтамалардың 27 түрі 2 есе қысқарады.

— Емхана қызметін ұйымдастыруға байланысты үлкен ауруханаларға бару үшін жолдама алудың созылып, тез арада ала алмайтындығы. Тар буынды дәрігерлерге кіру мәселесін кезең-кезеңімен шешіп жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан бұйрықтарға өзгерістер енгізіп, заңдарға өзгерістер енгізу жұмыстарын бүгінгі күні бастап кетті, — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.