Екі жылда облыс орталығындағы барлық көпқабатты үйлердің аулалары жарықтандырылады

0 225

Биыл Тараз қаласының он шағын ауданындағы аулалар толығымен түнгі жарықпен қамтылады. Ал, екі жылда облыс орталығындағы барлық көпқабатты үйлердің аулалары жарықтандырылатын болады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпарат агенттігі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AULIEATANEWS (@aulieata.news)

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев түнгі қаланы аралау барысында шаһар басшылығына осы бойынша нақты міндеттер жүктеді.

«Әлеуметтік желіде қалаларды жарықтандыру бойынша тұрғындардан жиі өтініш түседі. Соған сәйкес, Самал (7) және Салтанат (4) шағын аудандарындағы жарықтандыру мәселелерімен таныстым. Бұған дейін Самал шағын ауданын толық жарықтандырумен қамтыдық. Басқа шағын аудандарда да осы тәсілді қолдана отырып, жұмыстар атқарылатын болады» деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Ербол Шырақпайұлы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Тараздағы 76 көшені (бұрылыстармен қоса есептегенде) жарықтандыру жұмыстары басталады. 2025 жылы 120 көше және бес шағын ауданның аулаларын жарықпен қамту жоспарлануда.

Бұдан бөлек, облыстағы шағын қалалар мен аудан орталықтарын да түнгі жарықтандыру шаралары жүйелі түрде қолға алынады. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы ортаны қалыптастыру үшін аса маңызды.