Зейнетақы мен жәрдемақыдан ұстап қалу тәртібі қандай заңмен айқындалады?

0 51

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңының 23-бабымен және «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N126 Заңының 7-бабымен айқындалады.

Зейнетақы  және мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен ұстап қалу шектеулері

Зейнетақыдан және жәрдемақыдан ұстап қалу, төленуге тиiстi сомадан жүргізіледі:

  • Зейнетақыдан төленуге тиiс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.
  • Жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 пайыздан артық ұстап қалуға болмайды.

Ұстап қалу тәртібі төменде көрсетілген құжаттарға сүйене отырып орындалады.

  • Зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан зейнетақының артық төленген сомаларын алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табыстарынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жүргізілуі мүмкiн.
  • Жәрдемақылардан ұстап қалу атқару iсi тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн.

Ұсталым бойынша жергілікті Әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінен анықтауға болады.

 

М.УЛЕКОВ,

әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.