21-22 қазан күндері Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

0 8

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бірқатар өңірде жауын-шашын күтіледі. 20 қазанда күндіз Павлодар облысында, ал 21-22 қазанда елдің шығысында қатты жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Батыс Қазақстанда түнгі ауа температурасы -6 градустан +2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы сәл көтеріліп, +15…+22 градус болады.

Маңғыстау облысында түнде ауа температурасы +2…+10 градусқа дейін төмендейді. Күндіз температура алдымен +21…+26 градус аралығында болса, кейін +18…+23 градусқа дейін өзгереді.

Ақтөбе облысында түнгі ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +12…+17 градусқа дейін жылынады.

Қостанай облысы мен елдің солтүстігінде түнгі ауа температурасы -1…-6 градустан 0…+5 градусқа дейін құбылады. Күндіз негізінен +2…+10 градус болады.

Орталық Қазақстанда түнде ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +3…+11 градустан +7…+13 градусқа дейін өзгереді.

Шығыс Қазақстанда түнгі ауа температурасы +5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +2…+7 градус, өңірдің шығысында -1 градус шамасында болады.

Оңтүстік Қазақстанда түнде ауа температурасы +5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +18…+23 градустан +12…+17 градусқа дейін құбылады.

Елдің оңтүстік-шығысында түнгі ауа температурасы негізінен 0…+8 градус болады. Таулы аймақтарда -3…-8 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +15…+20 градустан +8…+16 градусқа дейін өзгереді.