Сеулде корей профессоры 20 жылдан бері қазақ тілін оқытып жүр
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласындағы Хангук шет тілдері университетінің (HUFS) профессоры, Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Сон Ён Хун 20 жылдан астам уақыттан бері студенттерге қазақ тілін оқытып келеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Бүгін профессор Сон Ён Хун Хангук Корея Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан бірнеше отандасымен бірге II дәрежелі «Достық» орденін алды.
Бұл награда Корея азамататарына екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға үлес қосқаны үшін берілді.
«Сон Ён Хун 20 жылдан астам уақыттан бері Кореяда қазақ тілін оқытып, Ұлы даланың үні мен рухын корей жастарына таныстырып келеді.
Профессордың айтуынша, қазақ тілін білмей, Ұлы даланың мәдениеті мен көшпенді халықтың болмысын терең түсіну мүмкін емес. Сондықтан ол үшін қазақ тілі – жай ғана пән емес, екі халықтың жүрегін жалғайтын рухани көпір», делінген материалда.
Марапаттау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымның көпжылдық еңбегін аса бағалап, оның қазақ тілінің мінсіз екенін және жадының мықтылығын ерекше атап өтті.
Рәсімде Сон Ён Хуннен басқа II дәрежелі «Достық» орденімен Корея Республикасы Ұлттық жиналысының 22-шақырылым депутаттары Мэн Сон Гю мен Ли Чжэ-кан, Сеул киберуниверситетінің президенті Ли Сан Гюн мен Hyundae General Hospital көпбейінді клиникасының директоры Ким Бу Соп марапатталды.