10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

0 19

«Қазгидромет» болжамынша, Қазақстанның оңтүстігі, солтүстігі мен шығысында күн ыстық болады. Ал батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстігінде таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Түнде ауа температурасы +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 3-8 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 8-13 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Ақтауда бұлтты болып, жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с, екпіні 12 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.

Атырауда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 7-12 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Қызылордада бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +30…+32°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +31…+33°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 5-10 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +32…+34°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.

Оралда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +14…+16°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 2-7 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +30…+32°C.