Қазақстанда Telegram жұмыс істемей қалды
Telegram пайдаланушылары мессенджерде ақау пайда болғанын хабарлады. Ақаулар туралы Detector404 порталы да растап отыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ақауларды бақылау сервисінің мәліметінше, соңғы бір сағатта Telegram-ға қатысты мәселелер туралы ең көп хабарлама Астанадан түскен – халық саны ескерілгендегі барлық шағымның 35%-ы елордаға тиесілі. Одан кейін Қарағанды облысы – 12%, Павлодар облысы – 9%, Қостанай облысы – 8% және Шығыс Қазақстан облысы – 7%.
DownDetector ақауларды бақылау сервисінің мәліметіне сәйкес, ең жиі кездесетін мәселелердің қатарында қосымшаның жұмысындағы ақау да көш бастап тұр – шағымдардың 68%-ы. 17% жағдайда пайдаланушылар хабарлама жіберуге қатысты мәселелерге тап болған, ал тағы 9%-ы аккаунтқа кіру кезінде қиындықтарға кезіккен.