Қазақстандағы барлық перзентханаларға тексеру жүргізіледі
Алдағы үш апта ішінде министрлік комиссиясы елдегі 69 перзентханаға тексеру жүргізеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары стерильдік талаптарының сақталуын, дезинфекция жұмыстарының сапасын және жеке қорғаныс құралдарының жеткіліктілігін бағалайды.
Министрліктің мәліметінше, тексерудің мақсаты – анықталған кемшіліктерді жойып, пациенттердің қауіпсіздігін арттыру.
Сондай-ақ өңірлерге перзентханаларды заманауи медициналық жабдықтармен, дезинфекция құралдарымен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету тапсырылды. Бұдан бөлек, әр өңірде инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі.