Алматыда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

0 10

Алматыда білігіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін жаңа жол белгілері орнатылып жатыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Шектеу күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін Саин көшесі, әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автомобиль жолы және Рысқұлов даңғылының аумағында қолданылады.

Жол белгілерін орнату жұмыстары 24 шілдеге дейін аяқталады. Ал 25 шілдеден бастап қозғалысқа қойылатын шектеу күшіне енеді.

Жүк көліктерінің жүргізушілеріне жаңа шектеуді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлауды және жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынамыз.