Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

0 17

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.