22 шілдеде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады. Бұл туралы ұлттық оператор «Қазтелерадио» хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«22 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады. Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», делінген хабарламада.